Неліктен Жанна Дарк Француз халқының есіне сақталады?

asiemghulkarimozb3er asiemghulkarimozb3er    3   14.01.2021 14:00    1

Ответы
MarioCascas MarioCascas  14.01.2021 14:10

ответ:Жанна Д’арк , Орлеан қызы (фр. Jeanne d'Arc; 6 қаңтар 1412 ж. ш., Франция, Домреми — 30 мамыр 1431 Руан) — Францияның ұлттық батыр қызы. Жүз жылдық соғыс (1337 — 1453) кезінде француз халқының ағылшындарға қарсы азаттық күресін басқарған.

Шаруа отбасында дүниеге келген. Бала кезінен діншіл болған ол өзін құдай Францияны азат етуге жіберді деп сенді. 1429 жылы ақпанда әрең дегенде Карл VІІ-нің қабылдауында болып, соғыс қимылдарын бастау керек екендігіне оның көзін жеткізді. Жанна д’арк. басқарған жасақ үлкен жеңістерге жетіп, 1429 жылы 8 мамырда ағылшындардың қолында болып келген Орлеан қаласын азат етті. Осы еңбегі үшін халық оны Орлеан қызы деп атады. Әрі қарай жеңісті жорықтарды жалғастырған ол Реймс қаласына келіп жетіп, 1429 жылы 17 шілде күні Карл VІІ-ні таққа отырғызды. Бұл жеңістер Жанна Д’арк есімін халық арасында аңызға айналдырғанымен, халықтық соғыстың өршуі король мен сарай ақсүйектерін қатты шошытты. Олар Жанна д’аркты әскери қимылдардан шеттете бастады. 1430 жылы 23 мамыр күні қоршаудағы Компьен қаласы түбіндегі шабуылда ағылшындардың одақтасы бургундардың тұтқынына түсіп, олар Жанна д’аркты ағылшындарға сатты. Руандағы шіркеу соты оны құдайдан безген, сиқыршы деп айыптап, өртеп жіберді. 1456 жылы осы іс қайта қаралып, оның есімі салтанатпен ақталды. 1920 жылы католик шіркеуі оны әулиелер қатарына қосты.[1]

Француз әдебиетімен жақсы таныс болған Абай ғақлияларының Отыз жетінші сөзінде. «Сократқа у ішкізген, Иоанна Аркті отқа өртеген, Ғайсаны дарға асқан, пайғамбарымызды түйенің жемтігіне көмген кім? - деген сұрақ қойып алады да, «Ол - көп, ендеше көпте ақыл жоқ. Ебін тап та жөнге сал» деп жауап береді. Ақын кім не айтса соған сеніп, әлдеқандай біреулердің қол шоқпарына айналып отырған қараңғы көпшілік бұқараны ашына сынайды. Өзі өмір сүрген ортадағы, өз айналасындағы күштінің алдында қойдай ыққан, ырықсыз тобырдың парықсыз істерін әлем тарихындағы осындай деректермен дәлелдейді

Объяснение:

100000000000000000000000000000% дұрыс

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Другие предметы