Ұлттық автономия анықтамасы

Эliна Эliна    2   26.11.2020 12:50    0

Ответы
isakoksanka isakoksanka  26.12.2020 12:51

Автономия - мемлекет аумағында

жинақы, топтасып өмір сүретін әлеуметтік

қауымдастыққа берілетін ішкі өзін-өзі басқару мүмкіншілігі немесе мемлекеттік билікті өзінше жүзеге асыру. Мемлекеттік құрылым құрамында конституциямен бекітілген, салыстырмалы түрде тәуелсіз саяси субъектілердің өзінше қызмет ету құқы.

Мәдени, ұлттық, аумақтық түрлері болады. Әдетте, тілдік, тұрмыстық және экономикалық ерекшеліктері бар аймақтарда жүзеге асырылады. Көп этносты мемлекеттерде автономия ұлт мәселесін шешудің мемлекеттік-құқықтық тәсілі ретінде жиі пайдаланылатын, әрі белгілі аумақ шегінде қалыптасып, дамитын мемлекеттік құрылым. Дербестік деңгейіне қарай ұлттық автономия "ұлттық- аумақтық" және "ұлттық-мәдени" деп ажыратылады. 1920-1936 жылдары Қазақстан саяси-ұлттық құрылым ретінде Ресей Федерациясы құрамынан автономия алды.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Другие предметы