Көшпелілер өркениеті – мал шаруашылығымен айналысатын, көшіп-қонып тіршілік ететін адамдардың қауымдастығы. Көшпеліліктің шығуына географиялық орта мен ауа райы әсер етті. Көшпелі өмір салты ол халықтарды табиғатқа жақын болуға, табиғатты қадірлеуге мүдделі етті. Сондықтан көшпелі елдерде «жабайы табиғат» деген ұғым мүлде жоқ. Көшпелілерге Ү ғасырда өмір сүрген скиф-сақ тайпалары да жатады. Скиф халқының көсемі – Ишпақай. Скифтердің патшасы – Мадий. Массагеттердің патшасы – Сыпыр.  Ал Сыпырдың қызы – Тұмар – сақтардың патшайымы. Тұмардың анасы ерте қайтыс болып, оны әкесі тәрбиелейді. Тұмар әскери ортада өседі. Ол өте ерте атқа мініп, қолына семсер алып, соғыс өнеріне жаттыққан. Тұмардың аты батырлығымен тарихта қалған.
Зерттеушілер мен тарихшылар көшпенділер   «рухы биік, жаны таза, бейбітшілік сүйгіш, дұшпанға қатал, досқа адал, ержүрек, құдіретті ерлер» деп жазған.
 
1-тапсырма. Cұрақтарға толық  жауап беріңіз.(ответь на вопросы)
1. Тұмар кім?
2. Тұмарды неге әкесі тәрбиелейді?

3. Тұмардың аты несімен тарихта қалды?
 
2-тапсырма. Сұраққа жауап бер.(ответь на вопрос. )
Көшпелілер қандай халық?
 ​

вира7 вира7    1   12.12.2020 02:12    1

Другие вопросы по теме Другие предметы