«...- Ертеде бір жетім бала бопты… - деп Аян екінші ертегісін бастады.
Сыбырлай шыққан даусында өз айтқанына қалайда
қалтқысыз сендіретіндей керемет бір күш бар..
Ғажап ертегілер еді… Дүниедегі жақсылық
атаулының бәр-бәрі: ерлік те, ізгілік те, сұлулық
пен ақылдылық та, әйтеуір адамға тән не бір асыл
қасиеттің барлығы да сол Аянның ертегілерінде
болушы еді. Аян батырлық туралы ертегі айтқанда,
біз - алым-жұлым киінген қара борбай балалар бір
сәтке жадау қалпымызды ұмытып, шетімізден: көк
семсерді жарқ-жұрқ еткізіп, ат ойнақтатып жауға
қарсы арыстанша шабатын нағыз қас батырдай
сезінуші едік өзімізді..»
Идеясын табу. Өтенем. Тез керек. берем өтінемін