Чжен хэ бастаған экспедиция

3десь 3десь    3   20.02.2020 18:54    1

Ответы
Файлетмер Файлетмер  20.02.2020 19:03

Қытай тарихына үңілсек, 5000 жылдан астам уақытты қамтитын кезеңде небір оқиғалар болғанына көз жеткіземіз. Әрбір оқиға, әрбір кезең өз батырын туғызып, есімін тарихта қалдырып жатады. Қытай тарихында мұндай есімдермен тұлғалар өте көп. Кейбіреулері әлемге әйгілі болып, тарих беттерінде қалып жатса, кейбіреулері мүлдем көлеңкеде қалып, кей кезде ғана ауызға алынып жатады.

Мен өз еңбегімнің негізі еткен тұлға-Қытай тарихында өзіндік үлкен орын бар, сіңірген еңбегінің маңызы зор, ортағасырлардағы ұлы географиялық ашуларға өз үлесін қосқан қытайлық теңізші Чжэн Хэ.

Чжэн Хэ есімі Қытай халқына танымал, алайда әлі күнге дейін бұл ұлы теңізші – саяхатшының тарихта әсіресе дүниежүзілік географиялық ашулар, тарихында алатын орны шынайы таналып отырған жоқ. Чжэн Хэ бастаған қытайлық теңізшілердің Оңтүстік теңіздер мен Үнді мұхиты аймағына жасаған 7 реттік саяхаттары көптеген жылдар бойы құпияға толы болып, толыққанды қажетті дәрежеде зерттелген болатын. Алайда соңғы жылдары Чжэн Хэ есімі қытайлық тарихшылардың ғана емес, сонымен қатар көптеген басқа елдер тарихшыларының назарын өзіне аударды.

Чжэн Хэ тұлғасына дег.ен қызығушылық әсіресе Британдық газет The Daily Telegraph – тағы мақалаға байланысты күрт өсті. Ол мақалаға сүйенетін болсақ, кезінде іскерй - теңіз флотының штурманы болған, қазіргі әуесқой тарихшы Гейвин Мензис қытайлық саяхаттар тарих ұзақ уақыт зерттеу нәтижесінде мынандай тұжырымдамаға келді – қытайлық саяхатшы Чжэн Хэ Колуб пен Магиланнан әлде қайда бұрын америка континентінде болып, алғашқылардың бірі ретінде жер шарын айналып өткен. Бұл гепотезаны Генвин Мензис алғаш рет өзінің 2003 жылы шыққан “1421 қытайдың әлемді ашқан жылы” атты еңбегінде келтіріледі. Мұндай тұжырымға Генвин Мензес

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Другие предметы