Жалпы, Асан Қайғы есімі зар заман ақындарының ішінен Мұрат Мөңкеұлының шығармаларында көп ұшырасады. Мұның өзіндік себебі бар. Мұрат ақын Асан толғауларынан басталатын «ауа көшу», «қоныс аудару» сарынына үн қосады. Қоныстың құтсыздығы – ақынның негізгі тұжырымдарының бірі. Ол көшкен елдің әйгілі адамдарын санамалап жырға қосқанда, Асан есімін ауық-ауық атап отырады: «Артынан қазақ жұрты кетем деген, Соңынан Асан бидің жетем деген», «Асан би жердің үстін барлап кетті», «Қонысқа таласасыз бұ заманда, Біз түгіл Асан Қайғы тентіреген», «Қазтуған, Асан Қайғы, Орақ Мамай, Біз түгіл осылардан қалған қоныс», т.б… Қазақтың басына бұлт үйірілгенде жайлы қоныс іздеу идеясын Асан бастаған тұлғалардың әрекеті арқылы негіздеген Мұрат ұлы ойшылдың болжал өлеңдерінің де табиғатын сезінеді:
Заманның болар тәрізін,
Асан Қайғы әулие
Көзі көрмей байқады.
Тегінде, Мұрат шығармаларын оқығанда ақынның өзі ғұмыр кешкен өлкедегі жер-су атауларына өте жетіктігін, өңірдің тарихына қатысты аңыз-әңгімелерді жақсы білетінін аңғаруға болар еді. Бабаларының басқан ізіне қарап, тұлғаларды жоқтайтын «Үш қиян» толғауында қазақ жұртының өткен өмірінен мәлімет беретін сан алуан атаулар мен есімдер көптеп кездеседі. Мұраттың жырында «Атамыз өткен Асан би, Мұны да құтсыз деп айтқан жер» делінгендей, қоныстан қоныс таңдап, жер үстін шарлаған ойшылдың аз-кем тұрақтаған мекені болған көрінеді:
Ақтөбе менен Қорғанша –
Асан Қайғы бабаның
Қызыл тастан үй салдырып,
Он жыл тұтас отырып,
Әңгіме құрып кеткен жер.
Мұның бәрі ақынның Асанның шығармаларының сарынын толғауларына арқау еткенін, оның өзіне қатысты ауыздан-ауызға жеткен әңгімелерді санаға сіңіріп өскенін дәлелдейді. Ал басқа зар заман жыршыларының өлеңдерінде Асан есімі аталмайды. Бірақ оларға тән сәуегейлік айту үрдісі данагөй тұлғаның толғауларынан бастау алатыны анық.
Эсхатологиялық түйсікті оятатын үрей, қорқыныш, қауіптің пайда болуы – айналадағы құбылыстардың жақсылық әкелмесіне көз жеткізгендіктің белгісі. Заманақырдың алғы шарттары ретінде сипатталған жаманат нышандары зар заман жыршыларының шығармашылығында толық көрініс тапқан. Әрине, әрқайсысының таным-тағылымы әр қилы. Бірақ бәрінің де ортақ байламы «табиғат азды, заман азды, адам азды» тұжырымы төңірегінде тоғысады. Осы нақты шешім келешекке қауіп ойлатады. Белгісіз болашақтың бейнесі көңілге қорқыныш ұялатады, үрей туғызады. Күнделікті тіршілігіндегі келеңсіз нәрселердің көбеюін жаман ырым көріп, алдағы күннен секемденеді. Себебі, фольклоршы ғалым Болатжан Абылқасымов тұжырымдағандай, «әу баста а маңайында болып жатқан сан түрлі құбылыстың сырын әр түрлі белгісіз күштерден көруі заңды». Бір атап кетерлік нәрсе, бұл қара бастың қамы, жеке адамның сезімі емес, халықтық үрейдің поэзияда ақындық «мен» арқылы айтылуы. Мысалы, Мұрат Мөңкеұлының мына ой-тұжырымдарын осы тұрғыдан түсінгеніміз дұрыс.
Объяснение:
Не ушин неден кауип
Мен заманнан қорқып барамын…»

Мен заманнан қорқып барамын,
Кейінгі өскен жас бала,
Кіріптарда қалар деп