Борыказган есткерткышы калай аталады

vasukulia vasukulia    1   29.10.2020 06:51    1

Ответы
koblovalv koblovalv  28.11.2020 06:51

Бөріқазған– төменгі палеолиттің шелль кезеңінің соңғы дәуірінен сақталған қоныс орны. Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 38 км жерде. Алғаш 1958 жылы Қаратау археологиялық тобы (жетекшісі Х. Алпысбаев) ашқан. Табылған құралдар саны 442. Көбісі қара кремнийден жасалған артефактілер (еңбек құралдары). Тас құралдардың осыған ұқсас түрлері ежелгі тас дәуірінің тұрағы — Сивалик (Үндістанда) өңірлерінде жиі кездеседі. Тас құралдарды Алпысбаев бірнеше түрлерге бөлген: екі жағы бірдей өңделген шапқылар (чоппингтер), жұмыр құралдар, үш қырлы өткір құралдар, унифастер, т.б. Олардың арасында үшкір пышақтардың, қырғыштардың алуан түрлері бар. Бұлардың бәрі Оңтүстік Азиядан (Бирма, Вьетнам, Қытайдан), Шығыс Африкадан (Олдувей, Рудольф, Омо маңынан) табылған құралдаға өте ұқсас.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Другие предметы