Бөлім: «Ер есімі – ел есінде!»
5-сынып БЖБ 4\1
Оқушының аты-жөні

1-тапсырма
Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
(Прочитать текст ).
… Әлияның «Отан үшін алға!» ұраны нағыз ерліктің ұранындай болып кетті. «1944 жылдың қаңтар айында немістер бекініп алған Казачиха деревнясына шабуыл басталды. Кеңес жауынгерлері жауға қаһарлы түрде шүйлікті. Қашаннан бергі әдетінше, Әлия Молдағұлова өзінің жаужүрек жолдастарының алдыңғы қатарында болды.
— Ура! Отан үшін! — деп ұрандаған Молдағұлова жауынгерлерді соңынан ертіп, алға ұмтылды. Оның дәл көздеген оғынан 8 неміс солдаты қаза тапты. Траншеяда кескілескен шайқас басталды. Немістер шыдай алмады. Молдағұлова ет қызуымен алға озып, неміс траншеяларына еніп кетті. Блиндаждан неміс офицері шыға келіп, қызды ұстап алды. Жекпе-жек басталды. Күш тең емес еді. Әлия фашистік хайуанның тырнағынан сытылып шықты да, неміс офицеріне автоматтан оқ жаудырды. Дәл сонымен қабаттаса мылтық дауысы естілді - фашист Әлия Молдағұлованың кеудесіне пистолетпен атып үлгерді» - деп жазылған марапат парағында. Өзінің жаны үзіліп бара жатқанда Әлия немістің жетпіс сегізінші солдатын атып үлгерген еді… Бұл 14 қаңтар күні болатын. Әлия 13 қаңтар күні Сапураға жазған ең соңғы хатын «Сәлем саған, Отаным!» деп бастапты…
(150 сөз) (http://www.aktobegazeti.kz/?p=29428)

1.Мәтін мазмұнына сай берілген дұрыс ақпараттарды белгілеңіз.
(Определите правильную информацию по тексту). /3/

Ақпараттар + дұрыс - бұрыс
Әлия неміс офицерімен айқаса кетті.
Неміс офицері Әлияға оқ жаудыра бастайды.
Әлия өлер алдында немістің солдатын атып
түсіреді.
Әлия қаза болар алдында үш күн бұрын сіңлісіне
хат жазған екен.

Әлия жаужүрек жолдастарының алдыңғы шебінде болды.

2.Мәтіндегі 3 маңызды ақпаратты жазыңыз.
(Запишите 3 важных информации). /3/

р/с Маңызды ақпараттар
1
2
3

3.Мәтіннің негізгі тақырыбын анықтаңыз.
(Озогловить текст).
/1/​

nikakoy43 nikakoy43    3   04.05.2020 11:16    11

Другие вопросы по теме Другие предметы