Қарапайымдылық қадірлі қасиет эссе

Надежда2709 Надежда2709    1   22.01.2021 08:11    21

Ответы
урсвт урсвт  22.01.2021 08:20

Менің ойымша, адамдардың бәрі осындай қарапайым болса, өмір сүру әлдеқайда жеңіл болар еді. Сол үшін әр а қарапайымдылықтың үлгісі болып, осы игі қасиетті үйретуі керек деп ойлаймын. Менің түсінгенім, қарапайым жан айналасына сыйлы болады. Мейлі, оның ақшасы бар немесе жоқ болсын. Оны бәрі-бір бәрі құрметтеп, бағалайды. Себебі қасиеттердің абзалы, жақсысы саналатын қарапайымдылық адамды өзгелерден биік етеді. Қарапайым адам өзінің болмысымен-ақ өзгелерден ерекше болып тұрады. Сондықтан мен де қарапайым, жақсы адам болғым келеді. Айналамды үнемі қуантып, өзгелерге қол ұшын созып, елімнің гүлденуіне септігімді тигізсем деймін. Бұл менің үлкен мақсатым. Және соны орындау үшін барынша тырысатын боламын.

Мейірім

0

0

04 Шілде, 18

Содан бері мен қарапайымдылықтың адам өмірінің гүлі екенін, қарапайым адамдардың ең көркем жандар екенін ұқтым. Себебі олар өздерін биік ұстамайды, өзгелерге шуағын шашып жүреді. Ондай адамдардың қоғамға пайдасы да көп. Және олар пайдасын бұлдап, міндетсінбейді де. Меніңше, осындай қоғамға пайдасы мол адамдар, пайдалы адамдар - ең жақсы жандар. Себебі адамның өмірінде артынан жақсы балалар ғана емес, жақсы істерді көп қалдырғаны дұрыс деп ойлаймын. Олар сол арқылы өзгелердің де өміріне жақсы әсер етіп, қиындықтарын жеңілдетуге көмектеседі. Мен ең қарапайым деп санайтын адам - менің әжем. Ол кісі өмір бойы алтын-гаухарға, ақшаға қызыққан емес. Ол 19 жасынан бері дәрігер болып өмір сүрген. Талай баланың өмірге келуіне деп сеп болып, кіндік шеше атанды. Әжем: "Бірде жүкті әйелдің босанып жатқан кезінде қайтыс болып кеткеніне куә болдым. Қолының бәрін алтын еді. Сол кезде мен өмірді ақшаға сатып алуға болмайтынын, ақшаның, алтынның түкке тұрғысыз екенен түсіндім", - дейтін. Ол өзінің көз алдында болған осы оқиғадан үлкен сабақ алған екен. Шынымен де ешқашан ақшаны ойлап бас қатырмайтын. Өзіне жетпей жатса да, қолындағысының бәрін мұқтаж жандарға, туыстарына беретін. Ешқашан өзін ойламайтын. Тек отбасын, балаларын, туыстарын ойлады. Солар үшін зыр жүгірді. Олардың бәріне қаншама пайдасын тигізді. Міне, ол осындай қарапайым, өте жақсы, абзал адам еді. Сол үшін де ол барлық жерде сыйлы болды. Барлығы оны жақсы көретін, мақтап жүретін. Апамның осынау игі қасиеттері, мінезі көпке үлгі болды. Мен әжемнің осы қарапайымдылығын ешқашан естен шығармаймын.

Мейірім

0

0

04 Шілде, 18

Бала күнімнен әжем қарапайымдылық пен мейірімділік туралы құлағыма құйып, түрлі әңгімелер айтатын. Қарапайымдылық - адам бойындағы ізгі қасиет. Өзгеге жанашыр болып, мейірім таныту, жанашыр болу - мен үшін адамдықтың белгісі іспетті. Себебі мейірім, рахым болмаса, а біріне-бірі жау болар еді.

Әжем қолымда бар нәрсені өзгемен бөлісуді үйретті. Бірде әжем екеуіміз дүкенге бардық. Әжем түрлі тағамдар, тәттілер алып жатты. Бір кезде қолыма екі шоколад ұстатты. Екеуін де бас салған мен қуанып кеттім. Жалма-жан біреуін аша беруге ұмтылғанымда, әжем есік жаққа қарай нұсқады. Кезекте тұрған адамдардың арт жағында жұпыны киінген әйел мен мен шамалас баласы тұр екен. Баласы дүкен сөрелеріндегі тәттілерге телміре қарайды. Сонда апам: "Шоколадыңның біреуін ана балаға бере ғой", - деді. Әжеме бір сәт қарап тұрдым да, балаға қарай беттедім. Жанына келіп: "Жей ғой", - дедім сыпайы түрде. Ол не айтарын білмеді де. Алар-алмасын біліп анасына қарады. Мен шоколадты қолына ұстата бердім. Ол: "рр... рахмет", - деді абыржып. Мен жымиып, апамның жанына бардым. Әлгі бала шоколадты ашып, жеуге кірісті. Осы сәтте ішімде бір жылылық пайда болды. Мейірімділіктің, қарапайымдылықтың әлемге жылу сыйлайтынын түсіндім.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
aysol aysol  22.01.2021 08:20
Адам бойында түрлі жағымды және жағымсыз қасиеттер болатыны анық. Осы жағымды қасиеттердің адам бойында кездесетін ең қадірлісі қарапайымдылық деп білемін. Қарапайымдылық дегеніміз – адамның асып – тасуға талпынбауы, яғни менменшілдіктің болмауы. Қарапайым адамда атаққұмарлық мүлдем болмайды, себебі қарапайым кісі өзінің қабілеттері мен қасиеттерін дұрыс бағалай біледі. Қарапайым адам көкірек көтеріп, өзгелерді үстінен қарамайды, керісінше өзге адамдарды сыйлап, барлығымен жақсы қарым – қатынаста болуға тырысады. Қарапайым адам бойынан тәкаппарлық, атаққұмарлық, мақтаншақтық, арсыздық, бетпақтық секілді жағымсыз қасиеттер кездеспейді.
Мен үшін қарапайымдылық адамдықтың белгісі іспеттес. Біздің отбасымызда ата – әжеміз үнемі «қарапайым болыңдар, менмендікке жол бермеңдер! Өзгелерді құрметтей біліңдер!» деп өсиеттерін айтып, біздің жақсы тұлға ретінде қалыптасуымызға өз үлестерін қосып отырады. «Қарапайымдылық – моральдық сұлулықтың басты шарты» деп Лев Толстой айтып кеткендей, қарапайым адамның жан дүниесі де сұлу болатыны хақ. Сондықтан құрбыларыма айтарым: өз бойымыздағы жағымсыз қасиеттерге жол бермей, керісінше қарапайым әрі кішіпейіл бола білейік!
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Другие предметы