Қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов бүгін «Союз ТМА-18М» ғарыш кемесімен Астана уақыты бойынша 10:38-де ғарышқа ұшты.
Айымбетовпен бірге ғарыш сапарына аттанғандар арасында ресейлік Сергей Волков пен Еуропа ғарыш агенттігінің астроновты, даниялық Андреас Могенсен бар. Айымбетов пен Могенсен 12 қыркүйекте жерге қайтып оралады. Ал экипаж капитаны Волков ғарышта жарты жыл болады деп жоспарланған.
Айдын Айымбетовтың ғарышқа сапарының шығынын Қазақстан жағы көтеріп алды. Оның ғарышқа ұшу шығыны 20 миллион долларды құрайды.
Бұған дейін Айдын Айымбетовтың ғарыш сапары кезінде 2-бортинженер қызметін атқаратыны хабарланған.