Ахмет байтұрсынов ұлағатты сөздер​

dadmaeva426 dadmaeva426    1   17.01.2021 17:08    0

Ответы
danyakarpik danyakarpik  17.01.2021 17:10

ответ: жауабым көмектессе лучший деп отметка коя сал!!))

1)Мұғалімі қандай болса – мектебі де сондай болмақ.

2)Адамға ең қымбат нәрсе – жұрт қамы, жұрт ісі.

3)Замана сипаты: білімі көптер жұрт билемей, малы көптер жұрт билер заман.

4)Сөздің ең ұлысы – тарих.

5)Елде жоқ рух – ақын сөзіне қайдан келсін?!

6)Көркем сөз – көңіл тілі, жалаң сөз – зейін тілі.

7)Балам деген жұрт болмаса – жұртым дейтін бала қайдан шықсын!

8)Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады.

9)Баланы ұлша тәрбиелесең – ұл, құлша тәрбиелесең – құл болмақшы.

10)Жер мәселесі – қазақтың тірі я өлі болуының мәселесі.

11)Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі.

12)Мектептің жаны – мұғалім.

13)Шежіре, заманхат, өмірбаян, мінездеме – бәрі де тарихтың жемі есебіндегі нәрселер.

14)Мақал – тәжірибеден шыққан ақиқат түрінде айтылатын сөз.

15)Күнелту үшін – ас керек, ас істеуге – күш керек, күшті жұмсауға – ес керек.

16)Әркім өзі жақсы білетін нәрсесін сынауы керек.

17)Алушы да, беруші де – өзіне жағымды жағын іздейді.

18)Кейбір істерді істеу керек бола тұра істеуге болмайды.

19)Өткенді қуғанды қойып – осы күйіңді жөндеуге жөн іздеу керек.

20)Жұрт керегін білетіндер – көп, істейтіндер – аз.

21)Талап – жоқ, үміт – мол бір халықпыз.

22)Біреу – жұмыс қылайын десем тұрған жерім жаман дейді, біреу – маңайымдағы елім жаман дейді: бұлардың бәрі де – бос сөз!

23)Біздің заманымыз – өткен заманның баласы, келер заманның атасы!

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Другие предметы