5-сынып, 4-тоқсан бойынша
І нұсқа
«Қазақстандағы ұлттар достастығы», «Ұлы дала табиғаты» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты: 5.О6. Тақырып бойынша үйренген сөздерін қолдана отырып, мәтінде көтерілген мәселеге өз көзқарасын білдіру.
5.Ж1. Ресми стильдің тілдік талаптарын дұрыс қолдана отырып, хат жазу.
Бағалау критерийі
Білім алушы * мәтін мазмұнын түсінеді
* ақпараттың дұрыс, бұрыстығын анықтайды
* мәтінде көтерілген мәселеге өз көзқарасын білдіреді
* ресми стильдің тілдік талаптарын және тірек сөздермен тіркестерді қолданып, хат жазады
Ойлау дағдыларының
деңгейі Білу және түсіну. Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
І. Оқылым.
Мәтінді дауыстап оқыңыз.
...Зигфрид Вагнер деп айтуға тілі келмеген Ахмет шал оны қазақшалап Зекен деп атады. Өзіндегі бар мейірімін, ұлттық қасиетін осы Зекен бойына сіңіруге тырысты. Сондықтан Зекен бірден өзінің туған үйіне тап келгендей сезінді. Бөтенсімей, сіңіп кетті. Әке мен ананың ыстық құшағы, жұмсақ алақаны, махаббаты Зекенді қазақ ұлы етіп жіберді.
Үш-төрт аптаның ішінде аяғын күс басқан қара сирақ, қара торы бала болды да шықты. Бірақ түр-тұлғасы әлі де бөлек. Тұнық көкпеңбек көзі, ақшыл сары кірпігі мен қасының өзінен бұл баланың бөтен расаның өкілі екені айқын танылатын.
(М.Мағауин, 84 сөз)
1 – тапсырма. Мәтінге сүйеніп, ақпараттың дұрыстығын тексеріңіз.
Ақпарат
Дұрыс
Дұрыс емес
Зигфрид Вагнер деп айтуға тілі келген Ахмет шал оны қазақшалап Зекен деп атады.
Өзіндегі бар мейірімін, ұлттық қаиетін осы Зекен бойына сіңіруге тырыспады.
Бөтенсімей, сіңіп кетті.
Әке мен ананың ыстық құшағы, жұмсақ алақаны, махаббаты Зекенді қазақ ұлы етіп жіберді.
Төрт-бес аптаның ішінде аяғын күс басқан қара сирақ, қара торы бала болды да шықты.
2-тапсырма. Мәтін бойынша көтерілген мәселеге өз көзқарасыңды білдіріп, сұраққа жауап беріңіз.
Ұлты неміс Зифгрид Вагнер қалай Зекен аталып кетті?
Менің ойымша,
3-тапсырма. Досыңа «Әнші құм» туралы диалог жазыңыз. (5-6 сөйлем)
Тірек сөздер мен тіркестер: Қазақстанның табиғаты, аталуының өз сыры бар, әдемі әуен. түрін өзгертеді, әдейі келеді.
Бағалау критерийі
№ тапсырма
Дескриптор
Білім алушы
Мәтінге сүйеніп ақпараттың дұрыс, бұрыстығын анықтайды
1
Мәтінге сүйеніп ақпараттың дұрыс, бұрыстығын анықтайды
4
Мәтінде көтерілген мәселеге өз көзқарасын білдіреді
2
ММәтінде көтерілген мәселеге өз көзқарасын білдіріп, сұраққа жауап береді.
3
Ресми стильдің тілдік талаптары, тірек сөздер мен тіркестерді қолданып, хат жазады
(5-6сөйлем)
3
Досына «Әнші құм» туралы хат жазады
5
Барлығы 12