2. Ұзақ жылдар аралығында ауыл жайылымы өз қорын тауысқан, экожүйе толығымен бұзылған. Жергілікті шаруалар бұл мәселенің шешімін ұзақ іздеді. Экожүйені қалпына келтіру жолын жергілікті мектеп оқушысы ұсынды. Ол жайылымға пішен шашып қоюды ұсынды. Бұл ұсыныс тиімді болды және үш-төрт жылда бұл жайылым өзінің алғашқы табиғи қалпына жақындады. Себебі пішенде дала экожүйесіндегі өсімдіктер жиынтығының тұқымыдары болады.
Сендердің ойларыңша бұл әдіс өз аймақтарыңда қаншалықты тиімді?
Жаңа ақпараттағы негізгі ойларды атаңдар.
Берілген экожүйені қалпына келтірудің қажеттілігін бағалаңдар.
Қалай ойлайсыңдар, 10, 20, 30 жылдан кейін бұл жайылымда не болуы мүмкін?