1. Жақшаны ашып, етістікті өздік етіске қойыңдар.
1. Алмас бүгін ерте (жу)
2. Арай бүгін жақсы жағынан (көр)
3. Әсел жарты сағат бойы (тара)
4. Балабақша балалары тез арада (ки)
5. Жанар асықпай (ойла)
6. Алыстан «Бәйтерек» (көр)
2. Жақшаны ашып, етістікті ырықсыз етіске қойыңдар (-ын, -ін, -н, -ыл, -іл, -л).
Үлгі: Алматы көшелері (тазалау) тазала+н+ды.
1. Университетте жаңа би үйірмесі (құру)
2. Нью-Йорк тұрғындары шылым шегуге қарсы (көтеру)
3. Тиісті шаралар тез (қолдану)
4. Жазда жеңіл көйлектер көп мөлшерде (шығару)
6. Бір күнде 20 диплом жұмысы (тыңдау)
7. Емтихан күндері (белгілеу)
8. Жеңілдіктер (хабарлау)
9. Тамыз айында жемістер (жинау)
3. Ортақ етіске қойыңдар (-ыс, -іс, -с).
Үлгі: Марат Әсемге терезе (жу) жуысты.
1. Айдос анасына дастарқан (дайында)
2. Қонақтар хал-жағдай (сұра)
3. Марат бас жүлдені тағайындауға ат (сал)
4. Студенттер баскетбол үйірмесін (аш)
5. Анар маған лайықты түс пен пішінді (таңда)