- 1-тапсырма. Әсемдік, сұлулық туралы қанатты сөздермен танысып, шынайы сұлулық туралы айтылғандарын таңдаңдар. Таңдауларыңды дәлелдеп беріңдер. Халық даналығы: «Сөзі райлының – жүзі шырайлы». Л.Н.Толстой: «Қарапайымдылық – моральдық сұлулықтың басты шарты». Абай: «Атымды адам қойған соң, қайтіп надан болайын...». В.Гюго: «Сыртқы сұлулық толық болуы үшін ішкі сұлулықпен жандану керек». Қабуснама: «Табиғи сұлулық дегеніміз — оның ұнамдылығы. Әрбір ұнамды мінез-құлық пен келісімді көріктен әдемілік пайда болады». П.Буаст: «Қарапайымдылық дегеніміз өзінің адамдық қадір-қасиетін түсіну».