1-тапсырма. Мәтінді оқы. Асты сызылған қою қаріпті сөздерді синонимдерімен алмастырып
оқы.
ҮЛГІ: Қазақстанның көрікті жерлерінің бірі — Аксу-Жабағылы қорығы.
Қазақстанның әдемі жерлерінің бірі – Ақсу-Жабағылы қорығы
Қазақстанның көрікті жерлерінің бірі — Ақсу-Жабағылы қорығы. Қорық Талас
Алатауының етегінде орналасқан. Ол 1926 жылы құрылған. Қорық қаруды атақты қоғам
қайраткері Тұрар Рысқұлов ұсынған.
Ақсу-Жабағылы қорығының мақтанышы — алма ағаштары. Қорықта 20 шақты ама сорты
өседі. Олардың бәрі – Алматы апортының туыстары. Ақсу-Жабағылы қорығы – қызғалдақ пен
сарғалдақтың отаны Қызғалдақтың 6 түрі бар. Грейг қызғалдағын голландиялықтар Ақсу-
Жабағылы қорығынан алған. Ол 1877 жылы Голландияда жоғары бағаланған және дипломмен
марапатталған. Содан бері біздің қызғалдақтың 200-ден астам түрі әлемге тараған.
Ақсу-Жабағылыда үлкен жазықтар, биік шыңдар мен таулар, үлкен жартастар, терең
өзендер, сарқырамалар бар.
Теңіз деңгейінен 3000 м биіктікте орналасқан тастарға суреттер салынған. Тастарда үй және
жабайы жануарлар, аң аулаған ежелгі адамдар бейнеленген.