1. Мәтіндегі «Ер адамның ең басты серігі – сол тәуекел. Тәуекелге екінің бірінің жүрегі дауалай бермейтіні анық» деген тұжырымды
қалай түсінесіздер? Саналы тәуекелдің адамның абыройымен,
мақсатының орындалуымен қандай байланысы бар?
2. Адамның бойындағы қандай қасиеттері оны абырой биігіне көтеріп,
дұрыс әрекетке жетелейді? Неліктен?
3. Автордың «Тоқтар Әубәкіров – Жаратушы мен Азаттық аңсаған
халқының арасын жалғап жібергендей көрінеді де тұрады!» деген
ойын қалай жалғастырар едіңіздер?
4. Мәтінде Тоқтар Әубәкіровтің бойынан қандай асыл құндылықтарды,
кісілік пен адамгершілікті байқадыңыздар?
5. Өз өміріңізде мақсатқа жету үшін саналылықпен тәуекелге бел
буған сәттеріңіз болды ма? Мысал келтіріп, әңгімелеп беріңіз.