1.Мәтінді оқы,үш сұрақ құрастырып жаз.

Кәсіпорын қызметі өндірістік және басқару құжаттамасының әр түрлерімен қамтамасыз етіледі, оның құрамы құзыретімен, қызмет түрімен, мәселелерді шешу тәртібімен, басқа ұйымдармен байланыстар көлемімен және сипатымен анықталады.

Өндірістік, әкімшіліктік және ұйымдастырушылық мәселелерді, басқару мәселелерін, кәсіпорында қызметтің өзара әрекеттесуі мен реттеуді шешу мақсатында мынадай құжаттар жасалады:

– нормативтік;

– техникалық;

– ұйымдастыру-құқықтық (жарғылар, ережелер, нұсқаулар, штат кестелері және т.б.);

– басқарушылық (қаулылар, бұйрықтар, өкімдер, шешімдер және т.б.);

– анықтама-ақпараттық (актілер, келісім-шарттар, баяндама және түсіндірме хаттар, қорытындылар, пікірлер, тізбелер, хаттар, мәліметтер, келісімдер, анықтамалар және т.б.).

Стандарттау бойынша нормативтік құжат – стандарттау бойынша қызметтің әр түрлеріне қатысты нормаларды, ережелерді, сипаттамаларды, принциптерді белгілейтін құжат. Нормативтік құжаттар ретінде ҚР СТ 1.14 сәйкес ұйым стандартары әзірленеді.

Техникалық өндірістік құжаттар: конструкторлық, технологиялық және пайдаланушылық болып бөлінеді.

vadimash vadimash    1   05.06.2020 14:36    3

Другие вопросы по теме Другие предметы