«Жаратылыстану» пәнінен 4-тоқсанға арналған жиынтық бағалау тапсырмалары
1.а) Төменде берілген суреттерден биоценозды анықтап, анықтамасын жазыңыз
А Б
[2]
ә) Барлық өсімдіктер дүниесіне тән ортақ белгіні көрсетіңіз;
А. хлоропластың болмауы
Б. ыдыратушылар
С. хлорофильдің болуы
Д. гетеротрофты
[1]
2.а )Тірі организмдердің қасиеттері мен олардың сипаттамасын сәйкестендіріңіз.
А Қозғалыс 1. түрдің сақталуын, түр санының артуын қамтамасыз етеді
В Зат тасымалы 2. тіршілік үшін күреседі, қоршаған ортаға бейімделеді
С Көбею 3. тіршілік әрекетінің ақырғы өнімдерінің бөлінуі, энергияның бөлінуі, жұмсалуы.
А В С
[3]
ә) Ыдыратушыларға қандай ағзалар жатады?
А. балықтар
Б. өсімдіктер
С. сүтқоректілер
Д. Саңырауқұлақтар
[1]
3. Суретті қарастырыңыз.
а) Экожүйе құрам бөліктерінен түзушілерді анықтаңыз
[1]
ә) Түзушілердің экологиялық пирамидадағы рөлін сипаттаңыз
[1]
4. а) Адамдардың табиғатқа кері әсерін қалай азайтуға болады?
[1]
ә) Берілген экологиялық мәселелер мен олардың себептерін сәйкестендір
1 Жануарлардың жойылуы А. көлік, жылу энергетикасы
2 Топырақтың мұнаймен ластануы В. ауа ылғалдылығының төмендеуі, температураның өзгеруі
3 Атмосферадағы зиянды газдар С. пайдалы қазбаларды өндіру
4 Ғарыштық техника Д. орман өрттері
1. 2. 3. 4.
[2]
б) Суретте қандай экожүйе берілген?
а) Экожүйе [1]
б) сурет қарастыра отырып кестені толтырыңыз
Өндірушілер Тұтынушылар Ыдыратушылар
[3]
5.Каспий теңізі — Еуразия құрлығының орталығында, еліміздің батыс аймағында орналасқан, мұхиттардан алыста, оқшау жатқан тұйық су алабы.
а) Каспий теңізінің қазіргі ластану көздері қандай?
[1]
ә) Теңіздің ластануы қоршаған ортаға қалай әсер етуде
[1]
б) Адамзат қазіргі уақытта жаңа, үшінші ғылыми-техникалық революция дәуірін бастан өткізуде. Сенің ойынша әлемді өзгерткен жаңалықтар қандай?
[2]