Жантақ (Alhagі) — бұршақ тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік. Бұтақталып өседі. Қазақстанның шөл далалық аудандарында сұр, құмайт және сортаң топырақты жерлерде, өзен аңғарларында, тау бөктерлерінде өседі. Арамшөп ретінде суармалы егістікте де кездеседі. 4 түрі бар, ең жиі кездесетіні — кәдімгі жантақ (A. pseudalhagі) және қырғыз жантағы (A. kіrghіsorum). Олардың биіктігі 30 — 100 сантиметр. Тамыры ұзын (10 метрге жетеді), тамыр сабақтары 20 — 30 сантиметр тереңдікте болады, көбіне осы тамырлары арқылы көбейеді. Сабағы бұтақтанып біткен, тікенді, сырты жылтыр, бүртікті. Жапырағы жұмыртқа пішінді, домалақ, бүтін жиекті.