Қырықжапырақтардың құрылысының ерекшелігі ұандай? помгитее

Skrilleax95 Skrilleax95    1   19.08.2019 21:30    2

Ответы
СаняDots СаняDots  05.10.2020 05:58
Қырықжапырақтылар - тең споралы және әр түрлі споралы өсімдіктер. Қазақстанда к шөптекті түрлері ғана кездеседі. Олардың кең тараған өкілдерінің бірі - усасыр қырықжапырағы. Ол ылғалды, көлеңкелі жерлерде, орман шетінде және сайлар мен жыраларда өседі. Усасыр қырықжапырағы - тамырсабақты өсімдік. Тамырсабақтарынан төмен қарай - қосалқы тамырлары, ал жоғары қарай жапырақтары өседі. Бізде шөптекті болып өсетін қырықжапырақтың жерүсті сабағы дамымаған. Оның есесіне жерасты тамырсабағы жақсы дамыған. Сондықтан тамырсабағын қысқарған сабақ дейді. Усасыр қырықжапырақтың жапырақтары өте баяу өседі. Мұнда үш түрлі жапырақ бар. Бірінші жылғы жапырақтар бүршік түрінде болады және тамырсабақтың ұшына жақын орналасады. Осы бүршіктерден екінші жылғы жапырақтар пайда болады. Екінші жылғы жапырақтары биіктеліп, сыртын түктер жауып тұрады. Үшінші жылы көктемде бүктелген жапырақтар жазылып, қауырсынды тілімделген нағыз жапыраққа айналады. Жапырақтары ұшынан шексіз өсетіндіктен, өте ірі болады. Олардың мөлшері бірнеше миллиметрден 30 метрге дейін жетелі.
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Биология