Yрология бөлімшесіне науқас А. 47 жаста келесі шағымдармен келді: оң жақ бел аймағындағы тұйық сыздап ауру сезімі. Өзін 3 күннен бері аурумын дейді, осы кезден бастап дене температурасы 37.8-38.5 С дейін жоғарылаған, қалтырау, бел аймағындағы ауру сезімі пайда болған. Анамнезінде урологиялық аурулары болмаған. Осыған дейін терісінде іріңдік болған оны өзі сығып тастаған. Несеп шығару бұзылмаған. Бүйректері пальпацияланбайды. Оң жақ бүйрек аймағы пальпацияда ауру сезімді. Пастернацкий симптомы оң жақта (+). Бел және алдыңғы құрсақ қуысы бұлшықеттерінің тітіркенуі жоқ.