Өсімдіктің вегетивтік көбею түрлері

FoxyzSuper FoxyzSuper    2   13.05.2020 13:14    1

Ответы
Ульяна122004 Ульяна122004  24.08.2020 16:00

Вегетативтік көбею (лат. вегето – тірілту, қоздыру, өсіру) – өсімдіктердің вегетативтік мүшелері арқылы көбеюі.

Вегетативтік көбею - көп жасушалы ағзалардың жыныссыз көбеюдің бір түрі: жаңа дарақтың ата-анасының бір бөлігінен пайда болу.[1]

Вегетативтік көбею төм. сатыдағы өсімдіктерге және барлық өсімдіктерге тән. Вегетативтік көбею жануарларда бүршіктену (губкалар, ішек қуыстылар, мшанкалар) немесе бөліну (қарапайымдар) арқылы жүреді. Бір клеткалы өсімдіктер (балдырлар, саңырауқұлақтар) бөліну, кейде бүршіктену жолымен, ал төм. сатыдағы көп клеткалы өсімдіктер – денесінің бөлшектенуі арқылы көбейеді. Жоғары сатыдағы өсімдіктер тамыр атпалары (қара өрік, алма, шие, тал, жеке, қандағаш, т.б.), тамыр сабақтары (жыланқияқ, қырыққұлақ, селеу, қамыс, жатаған бидайық, адыраспан, т.б.), жуашықтары (жуа, қызғалдақ, картоп, т.б.), мұртшалары (бүлдірген, жатаған сарғалдақ, т.б.) арқылы көбейеді.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Биология