Иммобилизацияланудың ферменттерді Тасымалдаушылармен байланысқанда қасиеттері өзгермейтін ферменттер иммобі лизацияланған ферменттер деп аталады. 1-тапсырма. Жұмыс мақсаты: иммобилизацияланудың ферменттердің белсенділігіне әсерін анықтау. Құрал-жабдықтар мен материалдар: колба немесе стақандар, тамшуыр, өлшеуіш сынауықтар, Петри табақшасы, картоп крахмалы, пепсин немесе ренет ферменті, сүт, секундомер. Жұмыс барысы. 50 мл 20%-тік крахмал дайындаймыз. Крахмал қоюланғаннан кейін 2%-тік пепсин ерітіндісінен 5 мл қосамыз, араластырып, Петри табақшасына 2 мл құйып, табақшаның бетіне біркелкі жағамыз. Үстінен 10 мл сұйылтылмаған сүт құйып, сүт қанша уақытта ірігенін жазып аламыз. Тағы бір Петри табақшасына 10 мл сұйылтылмаған сүт және 0,5 мл 2%-тік пепсин құямыз да, сүт қанша уақытта ірігенін жазып аламыз. Ферменттердің белсенділігіне иммобилизация әсерін бақылап, тәжірибені 2-3 рет қайталаймыз. Алынған нәтижелерді кестеге жазып, қорытынды жасаймыз. Уақыт, с Тәжірибе нұсқалары Тәжірибе 9 Пепсин 1 2 3 Орташа уақыты Пепсин + крахмал 16