Глобус, экватор, жартышар дегеніміз не? ​

aptyp4ik228 aptyp4ik228    2   20.09.2020 09:58    1

Ответы
fedrpopov5 fedrpopov5  20.10.2020 10:00

Глобус(лат. globus–шар) – Жердің, Айдың, планеталардың және аспан сферасының контуры мен геометриялық пішіндік ұқсастығы сақталып, картографиялық әдіспен бейнеленген көлемдік модель. Мазмұны жағынан жалпы геогр., саяси, тектоникалық, климаттық, т.б. болып бөлінеді

Экватор (лат. aequator – теңестіргіш) Географиялық немесе Жер Экватор – Жердің айналу осіне перпендикуляр әрі екі полюстен де бірдей қашықтықта орналасқан үлкен дөңгелек сызық.

Жердің жарты шарлары — Жер шарының белгілі бір сипаты бойынша бөлінген екі жартысы. Географияда жерді мынадай жарты шарларға бөледі: экватормен бөлінетін Солтүстік және Оңтүстік жарты шарлар, 160° ш. б. және 20° б. б. арқылы бөлінетін Батыс және Шығыс жарты шарлар; аумағына қарай Мұхиттық жарты шар және Құрлықтық жарты шар деп бөлінеді. Құрлықтық жарты шарда құрлықтар жарты шардың 47 %-іне, ал Мұхиттық жарты шарда құрлықтар 9 %-іне тең.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Биология