Есеп № 1
Науқас 50 жаста. Ас қабылдағаннан 1,5 – 2 тан кейін эпигастрий маңайының ауырсынуына, қыжыл, қышқыл кекірік, нәжістің тоқтауы, шаршауға шағымданады. Бірінші белгілері бір жыл бұрын байқалған.
Қарағанда: тілі ылғалды, пульсі 80 рет минутына, қан қысымы 130/85мм.сб. Пальпация жүргізгенде: іші жұмсақ, эпигастрий маңайының ауырсынуы. Тексергенде:асқазан сөлінің құрамында тұз қышқылы көп мөлшерде. Ф.Г.Д.С.қорытындысы – қатпарлардың гипертрофиясы, шырыш, ісік, қызарған.
Тапсырма:
1. Алдын ала диагноз қойыңыз және оны дәлелдеңіз.
2. Қажетті қосымша зерттеулерді атаңыз.
3. Осы пациентке қатысты өзіңіздің тактикаңызды анықтаңыз,
емдеу принциптері туралы, ауруды болжау және оның
алдын алу шаралары туралы айтыңыз.​

bobrovnikova13 bobrovnikova13    2   27.04.2020 12:57    4

Другие вопросы по теме Биология