Бас қандай маңыздылығы беред​

denik228 denik228    3   22.10.2020 19:42    0

Ответы
akopovaliza2003 akopovaliza2003  21.11.2020 19:42

Бинарлық номенклатура, биноминалдық номенклатура (лат. bіnarіus — екі немесе қосарлы атау, лат. nomenklatura — тізім, түр) — халықаралық ғылыми жіктелімде өсімдіктердің, жануарлардың және микроорганизмдердің туыстары мен түрлерін екі латын сөзімен атау.

A.

Бинарлық номенклатура терминін алғаш енгізген ғалым Карл Линней

Біріншісі туысты білдіреді, бас әріппен жазылады. Ал екіншісі түрдің аталуын көрсетеді, кіші әріппен белгіленеді. Мысалы: ақ жусан (Artemіsіa tercheana L.), Алтай ұлары (Tetraogallus altaіcus G.). Түрдің артынан түрді анықтаған адамның аты беріледі. Кейбір жағдайда бинарлық номенклатура соңында анықталған жыл көрсетіледі [мысалы, саналы адам (Homо sapіens L. 1758)].

Бинарлық номенклатура терминін 1620 ж. ғылымға алғаш швейцариялық ғалым К. Баугин енгізген, оны 1735 ж. швед табиғат зерттеушісі К. Линней ғылыми жүйелеудің негізіне алған. Ол “Табиғат жүйелері” (1735) деген еңбегінде бинарлық номенклатураны пайдаланып, түр ұғымын нақтылау үшін морфологиялық және физиологиялық белгілерді негізге алып, жүйелік категориялар (класс, туыс, түр) арасын жіктеп берді

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Биология