8. Фокаль жазықтық деп қандай жазықтықты айтады?
9. Қосымша фокустың орнын біле отырып, линзаның бас фокусынын
орнын қалай табуға болады?
10. Қандай кескінді нақты, қандай кескінді жорамал дейміз?
11. Линзаның оптикалық күші деп нені айтамыз?
12. Мына жағдайлар үшін нәрсенің кескінін салыңдар: а) нәрсе линзаның
екі фокус аралығында тұр; ә) нәрсе линза мен оның бас фокусының
арасында орналасқан. Шыққан кескіндердің сипаттамаларын беріңдер.
13. "Линзаның ұлғайтуы 0,25" деген сөйлемнің мағынасын түсіндіріңдер.
* 14. Егер линзаның жартысын мөлдір емес шымылдықпен жауып қойса,
нәрсенің толық кескінін алуға бола ма?
24-жаттығу
1. Қай кезде жинағыш линзаның көмегімен нәрсенің жорамал кескінін алуға
болады? Жауапты линзадағы жарық сәулелерінің жолын сала отырып
түсіндіріңдер