1 сабақ ұшындағы түзуші ұлпа дегеніміз не​

112811281128 112811281128    1   08.09.2020 12:49    1

Ответы
mihailova1999 mihailova1999  08.09.2020 13:01

1. Түзуші ұлпа (меристема, грекше «меристос» – бөлінетін, бөлуші) барлық ұлпалардан бұрын түзіледі. Сабақтың, тамырдың ең ұшына орналасқан түзуші ұлпа жасушалары ерекше болады: өте ұсақ, қабықшасы жұқа, вакуольдері де ұсақ, ядросы жасушаның дәл ортасына орналасады. Ұдайы бөлінуге қабілетті, бір-бірімен тығыз жанасқан тірі жасушалардан тұрады. Түріне қарай түзуші ұлпалар өсімдіктің әр жерінде (сабақ, тамыр ұшында, жас жапырақтың негізінде және т. б.) кездеседі. Жасушалары ұдайы бөлінетіндіктен өсімдік өседі, бүршік жарады. Бітеу гүлдер ашылады, тұқымнан жаңа өсімдік өсіп шығады. Өсімдіктердің ұзарып өсуі, ағаштың жуандауы, жас жапырақтардың үлкеюі түзуші ұлпаға қатысты. Сылынған қабық пен сынған ағаштарды қайта қалпына келтіреді. Тек түзуші ұлпаның жасушалары ғана бөлінуге қабілетті. Басқа ұлпалардың барлығы осы ұлпадан түзіледі

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Биология