1)Биосферада тіршіліктің ең көп және аз таралуы қайда және неліктен байқалады? 2) Заттардың биологиялық айналым маңыздылығы неде?
СДЕЛАЮ ВАШ ОТВЕТ ЛУЧШИМ ЕСЛИ ВЫ МНЕ

marehkolia2343Apple marehkolia2343Apple    2   14.01.2021 22:21    0

Ответы
хабиб36 хабиб36  13.02.2021 22:21

1)Әр түрлі жағдайда тіршілік етуге икемделуінің арқасында тірі ағзалар ауада, суда жер қыртысында таралған. Ағзалар жердің литосфера қабығында аздаған тереңдікке өтеді. Олардың терең қабатында таралуына жер қойнауының температурасы кедергі жасайды. Температура жер қыртысында тереңдеген сайын артып +100ºС-тан асып кетеді. Сондықтан бактериялар әрі дегенде 4 км тереңдіктен табылған. Мұхиттағы тіршілік үлкен тереңдікте таралған, тіпті терең шұңғымалардан табылған. Тіршілік таралуының жоғарғы шегі стратосфераның озон қабатына дейін барады. Ауа ағындары бактерияларды 20-22 км биіктікке дейін таратады.

2)Биологиялық айналым — тіршілікте үздіксіз жүріп жататын биологиялық құбылыстардың кеңістікте белгілі бір тәртіппен қайталануы. Табиғатта болатын биологиялық айналымның сұлбасын былай көрсетуге болады:

продуценттер (жасыл өсімдіктер) күннің жарық энергиясын сіңіруінің нәтижесінде органикалық заттарды (бастапқы өнімді) түзеді. Ол заттар негізгі тіршілік тірегі болып саналады;

консументтер (жануарлар) дайын органикалық заттарды пайдаланып, оларды бір түрден екінші түрге айналдырады да, Жер бетінде тіршіліктің дамуына және олардың ұрпақтарының үнемі алмасып отыруына жағдай жасайды;

редуценттер (микроорганизмдер) органикалық заттарды минералды заттарға ыдыратады, соның нәтижесінде табиғатта қажетсіз қалдықтардың жиналуына жол бермейді.

Биологиялық айналым нәтижесінде табиғаттағы тіршіліктің дамуына қажетті элементтер топырақтан, ауадан және судан тірі организмдерге таралады және қайтадан топыраққа, ауаға, суға оралады.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Биология