СОЧ ПО КАЗАХСКОМУ
Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

А. Байтұрсынов.

Балалар! Оқуға бар! Жатпа қарап!
Жуынып, киініңдер шапшаңырақ!
Шақырды тауық мана әлдеқашан,
Қарап тұр терезеден күн жылтырап.
Адам да, ұшқан құс та, жүрген аң да,
Жұмыссыз тек тұрған жоқ ешбір жан да:
Кішкене қоңыз да жүр жүгін сүйреп,
Барады аралар да ұшып балға.
Күн ашық, тоғайлар шат, ың-жың орман,
Оянып жан-мақұлық түнде қонған,
Шығады тоқылдақтың тоқ-тоқ даусы;
Сайрағы сарғалдақтың сыңғырлаған;
Өзенде балықшылар ау қарап жүр,
Тоғайда орақ даусы шаң-шұң орған.
«Аллалап», ал кітапты қолдарыңа!
Құлдарын Құдай сүймес жалқау болған. (79 сөз)

1. Өлеңнің идеясын анықтаңыз.

А) білімге шақыру

В) отанға сүйіспеншілік білдіру

С) табиғатты қорғау

Д) махаббат

2. Өлеңнің тақырыбына сәйкес мақалды анықтаңыз.

А) Отан отан да ыстық

В) Екпей егін шықпас, үйренбей білім жұқпас.
С) Оқығаныңды айтпа, тоқығаныңды айт.
Д) Өмірдің өзі - ұлы ұстаз.

3. Өлеңде қандай құстарды автор атап кететін анықтаңыз

А) қарға

В) сауысқан

С) тоқылдақ

Д) торғай

4. Өлеңдегі ақпаратты сәйкестіріңіз.

1) Кішкене қоңыз

A. ау қарап жүр
2) Барады аралар
B. шаң-шұң орған.
3) Өзенде балықшылар
C. жүр жүгін сүйреп
4) Тоғайда орақ даусы
D. ұшып балға.

II.Оқылым

Мәтінді мұқият оқып, оқылым тапсырмаларын орындаңыз.

Назарбаев Зияткерлік мектептері — ғылым, экономика және саясат саласында дарынды балаларға арналған таңдаулы мектептер желісі . Зияткерлік мектепте білім берудің екі моделі жүзеге асырылады. Бірінші модель - Жаратылыстану-математикалық бағыттағы Эксперименталды Ықпалдасқан білім бағдарламасын жүзеге асырады. Бұл бағдарлама бойынша оқушылар физика, математика, химия және биология пәндерін тереңдетіп, үштілді ортада оқиды.

Астана қаласы Зияткерлік мектебі оқушыларының ағылшын тіліндегі математика, физика, химия, биологиядан халықаралық SAT1 емтиханнан қорытынды 1586 құрады, әлемде орташа - 1200 (ең көбі -1980 ), ал SAT2 орташа - 1720, әлемдегі орташа - 1250 (ең көбі - 2200). Ағылшын тілінен IELTS емтиханынан орташа - 6,2 (5,7 - өткен жылы). Тек бір оқу жылының ішінде халықаралық, республикалық, облыстық және қалалық олимпиадаларда жеңістер екі есе көбейді. Екінші модель - Негізгі және жоғары мектепте балаларды Халықаралық бакалавриат бағдарламасы бойынша оқыту. Бұл 35 жылдан астам тарихы бар, жоғары сапалы білім беретін бағдарлама ретінде әлемге танылған. Халықаралық бакалавриаттың дипломын 102 елдің 1300 астам университеттері мақұлдайды.

Олардың ішінде Оксфорд, Гарвард, Кембридж, Иель, Сорбонна, Лондонның экономика мектебі сияқты аттары әлемге әйгілі жоғары оқу орындар бар.

Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

1. Мәтін бойынша берілген белгілерді ашып, жазыңыз

SAT1

SAT2

IELTS

2. Назарбаев Зияткерлік мектептерінің модельдерін жазыңыз.



3. Қандай пәндерді үштілде оқытады? Неліктен?

4. Қандай атақты жоғары оқу орындары туралы айтылады? Астына жазыңыз.

ebusuruna ebusuruna    2   20.05.2020 10:40    6

Другие вопросы по теме Английский язык