Ресми құжат дегеніміз: 1) тиісті жолмен ресімделген нотариалдық акт; 2) мөрлер, бұрыштамалар, тіркеу туралы белгілер, мөртабандар мен құжатқа түсірілген мөр бедері; 3) мемлекеттік орган бланкісіне шығарылған не лауазымдық тұлға қол қойған құжат; 4) мемлекеттік немесе муниципалдық орган, ұйым, мекеме және кәсіпорын берген немесе құжат айналымында жүрген және бекітілген талаптарға сай құжат. Ресми құжаттармен іс қағаздарын жүргізу деп аталатын қызмет саласы айналысады.