Казахский язык view_quilt
Лента
alarm
Расписание
date_range
Календарь
subject
Выписка
equalizer
Табель
Амина Олжасқызы
view_quilt
Лента
alarm
Расписание
date_range
Календарь
subject
Выписка
equalizer
Табель
settings
Настройки
help
Задание №1
Не сдано
keyboard_arrow_down
Бозжыра, Шарын шатқалдары
Тапсырма
Мәтінді мұқият оқып және құрылымдық ерекшелігіне назар аударып, сұрақтарға жауап беріңіз.
Қазіргі таңда республикамызда туризмнің барлық түрлері дамып келеді. Сондықтан болар, демалуға қолайлы ел ретінде Қазақстанның танымалдылығы күн санап артуда. Сонымен еліміздің қай жерлерін міндетті түрде көру керек?
Бірінші орында кіші Швейцария – Бурабай. Ол республикамыздағы ең танымал туристік бағыт саналады. Бұл жердің әсем табиғаты, көптеген қонақүйлері, шипажайлары мен дамыған инфрақұрылымы демалушыларға ұмытылмас әсер сыйлайды. Сондықтан болар бұл жер халық арасында екінші Швейцария деп аталып кеткен. Бұл жерде демалып қана қоймай, ем қабылдауға да бар жағдай жасалған.
Бурабайда демалып үлгерсеңіз, онда Ұлы Жібек жолы бойымен экскурсиялық саяхатқа аттануға болады. Бұл бағыт ең танымал және тарихи маңызды орындар арқылы өтеді. Жол бойында қазақ халқының бірегей сәулет және археологиялық ескерткіштері, атап айтсақ, Айша-Бибі, Бабаджа қатын, Қарахан кесенелері орналасқан. Осы жерлерден ерекше рухани күш алуға болады.
Қазақстанда көз тартар көрікті жерлер, тарихи мекендер жеткілікті. Атап айтсақ, Шарын шатқалы мен Шарын өзені, Ақсай шатқалы, Алакөл мен Балқаш көлдері, Шымбұлақ курорты, Қорғалжын қорығы, Зайсан көлі, Марқакөл қорығы, Қатон-Қарағай ұлттық саябағы, Жидебай-Бөрілі қорық-мұражайы. Әрине, бұл тізімді жалғастыра беруге болады. Халқымыздың пейілі сияқты кең, көңілі сияқты дархан даламызда жабайы табиғатпен қауышып, рухани азық алып, жері, суы мен ауасының шипасын көруге мүмкіндік бар. Одан басқа не керек?
Мәтін қанша бөлімнен тұрады?
І
ІІ
ІІІ
ІV
Мәтіннің кіріспе бөлімінде не туралы айтылады?
Демалушыларға жасалған жағдай туралы
Еліміздің әлемге әйгілі сұлу жерлері туралы
Еліміздің саяхат саласының өркендеуі туралы
Тарихи маңызды орындардың өркендеуі туралы
Мәтіннің негізгі ойы қандай?
Ем қабылдайтын демалыс орындарын жетілдіру керек.
Жер аумағы халқымыздың ниеті тәрізді өте кең.
Қазақ елінде демалатын әсем жерлер баршылық.
Тарихи жәдігерлерді қалпына келтіруге көмек қажет.
ответ