Дәрігер Айданаға емшарадан кейін иммундық жүйені қалпына келтіру үшін D дәруменін тағайындады. Дәрігердің кеңесі бойынша Айдана дәруменді мынадай тәртіппен қабылдауы керек: алғашқы 7 күнде 10 тамшыдан, одан кейінгі 7 күнде 8 тамшыдан, ал соңғы 15 күнде 5 тамшыдан. Айдана дәріханадан 10 мл ерітінді түріндегі D дәруменін сатып алды. 1 мл препараттан 25 тамшы шығады. Сұрақ: Айдананың сатып алған препараты 29 күнге жете ме?