0.3. Барлық бұрыштары өзара тең 1) төртбұрыш; 2) үш- бұрыш жөнінде не айтуға болады? Суретін салыңдар.
0.4. Бір диагоналы қабырғасына тең ромбының бұрыш-
тарын табыңдар.
0.5. 1) Параллелограмм; 2) тіктөртбұрыш; 3) ромб; 4) ква-
драт қабырғаларының орталарын тізбектеп қосқанда қандай
фигура шығады? Жауаптарыңды негіздеңдер.
0.6. Үшбұрыштың қабырғалары 10 см, 12 см және 15 см.
Оның орта сызықтарының ұзындықтарын табыңдар.
0.7. Трапецияның бір табанындағы бұрыштары 60° және
80°. Оның өзге екі бұрышын табыңдар.
0.8. Төртбұрыштың қарама-қарсы бұрыштары 120°
және 60°. Төртбұрышқа сырттай шеңбер сызуға болатынын
көрсетіңдер.
7