Жазылым жұмысында тақырыптан ауытқымай,сөзге қосымша жалғауда үндестік заңын ескеріп, орфографиялық нормаға сай жазыңыз ( сан есім, сын есімдерді қолданыңыз (50-60сөз ). Эссе құрылымын сақтаңыз! «Мектеп кітапханасында»

Dinastita Dinastita    3   26.12.2020 12:29    0

Ответы
лидусик13 лидусик13  25.01.2021 12:30

Мектеп кітапханасы

Дана халқымыз « Кітап - алтын қазына » десе , ал кітапхананы өз басым іші қазынаға толы алтын сандыққа теңер едім . Бізді білім нәрімен сусындататын ғалым , тілсіз мұғалім — осы кітап . Тағылымы мол тәрбие ошағына айналып отырған кітапхананың мектепте алар орны орасан зор . Кітап адам өмірінде , әсіресе өскелең ұрпақтың өмірінде ерекше орын алады . Кiтапсыз , еш білімсіз күніміз қараң болатын еді . Кітап оқу арқылы біз білімімізді шыңдап , сөздік қорымыз бен ой – өрісімізді кеңейтеміз . Сонымен қатар түрлі жанрдағы кітап оқу елді , жерді сүюге , талапты , кішіпейіл болуға , мейірімді , әрі төзімді болуға баулиды . Кітап біздің рухани жан азығымыз , ал кітапхана – білім мекені Әрине , қазіргі заман ағымына қарай , техниканың дамығанына орай кітап оқу мен мектеп кітапханасына жазылу қалып барады . Дегенмен , менің ойымша осы мәселені барынша қолға алып , мектеп кітапханасының қорын кеңейтіп қазіргі жастарға қызықты жазылған кітаптармен толықтырса , сонымен қатар түрлі әдеби кештер мен іс – шаралар ұйымдастырылып , жастарды кітап оқуға үгіттеу жұмыстары жүргізілсе , бұл мәселе оң шешімін табады деп ойлаймын.Сонда мектеп кітапханасының қоры көбейіп қана қоймай оқырмандар саны да артар еді деп есептеймін.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi