3-тапсырма Мәтінді оқып, мазмұн бойынша 3 нақты сұрақ құрастырыңыз. Сол күні қазақтың ең әдемі аруы атағы үшін 21 үміткер сынға түсті. Көркіне ақылы сай қаракөз қыздарымыздың барлығы да жеңістен үмітті. Алайда, елдің ең сұлу аруы атану үшін бойжеткендерімізге жеңіл болған жоқ. Байқауға қатысушыларға қойылған талаптар өте жоғары болды. Бұл сайыста арулар сұлу әрі көрікті ғана емес, сондай-ақ ана тілін құрметтейтін, тарихын, салт-дәстүрін білетін, әдебиет пен мәдениеттен хабары болуы шарт.
Байқау бірнеше кезеңнен тұрды. Мұнда бойжеткендер шығармашылық және зияткерлік белсенділіктерін көрсетті. Сынға түскен аруларымыз сондай-ақ, қазақ эстрада жұлдыздарымен бірге ән шырқап, би билеп, өнерлерін паш етті. Арулардың өнерін белгілі тележүргізуші Айгүл Мүкей, отандық опера примасы Нұржамал Үсенбаева, ақын Айнұр Тұрсынбаева, байқаудың продюсері Баян Есентаева, театр және кино актері Ғани Құлжановтар бағалады.
«Қазақ аруы» байқауының бас жүлдесі 20 жасар маңғыстаулық Гүлназ Жолановаға бұйырды. Ару тәжін Гүлназға байқаудың былтырғы жеңімпазы Әйгерім Қанатбаева табыстады.