Жазылым Оқушылар екі сұрақтың (тақырыптың) біреуін таңдайды.
Құрамы 100-150 сөзден тұратын жазба жұмысын (мәтін) орындау керек.
1) «Үш тілді меңгеру» – еркіндіктің, бүкіл әлем бойынша жүріп-тұрудың кепілі»
тақырыбында мектеп журналына ойыңызды сипаттап жазыңыз (100-150 сөз көлемінде).
2) Беташар – қазақтың келін түсіргенде жасалатын салтының бірі. Дәстүрлі беташар,
әдетте, тойға жиналған халық тарқар кезде өткізілген. «Беташар» салты туралы не
білесіз? Мәтінде аргументтер келтіре отырып, ойыңызды сипаттап жазыңыз (100-150
сөз көлемінде заранее
мини осы дурыс
Елбасы 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының XII құрылтайында «Үш тұғырлы тіл» туралы идеяны жарияетті. Ал 2007 Жолдауында “Тілдердің үштұғырлылығы” атты мәдени жобаның кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынды. Бұл идеяның негізі мынадай: Қазақстанды бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек. Олар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қарым-қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі. Яғни мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз және ағылшын тілін үйренеміз. Үштұғырлы тіл өмірлік қажеттіліктен туындаған идея. Бүгінгі таңда Қазақстан үшін үштұғырлы тіл – елдің бәсекеге қабілеттілікке ұмтылуда бірінші баспалдағы. Өйткені, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін қазақстандықтар өз елінде де, шетелдерде де бәсекеге қабілетті тұлғаға айналады.