"Жазушы" сөзіне септік, жіктік, тәуелдік жалғауларын тіркеп жаз! "Менің атамекенім" тақырыбында шағын мәтін құрап жаз.​

Dhshssh Dhshssh    2   17.03.2021 11:41    0

Ответы
Den3801 Den3801  17.03.2021 11:50

ХІ ғасырдың басы. Қыпшақтар күшейіп, тарих сахнасына билік жүргізуші қағанат ретінде шыға бастаған уақыт. «Қыпшақ» дегенде ойға жалғыз қыпшақтар ғана емес, бір тудың астына біріккен көптеген, тұтас түркі халықтарының бірігуін айтамыз.

Қыпшақтар түркі, оғыз тайпаларын біртіндеп күйрете отырып өз жерлерін кеңейтті. Осылайша, Шығысы Алтай мен Ертістен басталып, батысы Карпат пен Дунайға дейін созылып жатқан кең байтақ ұлы даланы, жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені, асыл мекенді – «Дешті Қыпшақ» жері деп атадық. Ең алғаш «Дешті Қыпшақ» сөзін Наср ибн Хұсрау өзінің «Диуан» атты еңбегінде қолданды. Бұл сөздің мағынасы парсы тілінен аударғанда «Дала» дегенді білдіреді. Бұл аумақты қыпшақтар мекендеп, билеп-төстегендіктен Дешті Қыпшақ даласы деп аталады. Ал, сан мыңдаған тарихи деректер мен дәлелдемелер бойынша қазақтардың түп-тегі осы Қыпшақтардан шыққан. Мен – Қазақпын! Сондықтан, Дешті Қыпшақ жері менің атамекенім! Мен өз елімді, өз жерімді, атамекенімді мақтан етем, мәңгі қорғаймын! Дешті Қыпшақ жері маған ыстық!

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi