Жабайы жануарлар және үй жануарлары. Үй жануарларының пайдасы: Сиыр, ешкiнiң сүтiн iшемiз, етiн жеймiз. Жылқы мiнiс көлiк бола алады. Одан қалса, қымызын iшiп, етiн жеймiз. Түйе де мiнiс көлiк бола алады. Шұбатын iшiп, етiн жеймiз. Тiптi есектiң де пайдасы бар. Оның сүтi болмаса да, етi арам болса да, жұмысы адал. Айта берсең ит, мысық т.б Әрқайсысының пайдасы ұшан-теңiз. Жабайы, яғни жыртқыш жануарлар. Бұлар да табиғатта белгiлi бiр айналым жасайды. Мысалы пiлдер, керiктер шөпқоректi жануарлар. Олар орманда шөппен қоректенiп қаулап өсiп кетпеуiн қадағалайды. Сол сияқты басқа да жануарлардың, әрқайсысының өз орны бар.

Ғалымдар адам денсаулығына оң әсер ететін және оның жақсаруына септігін тигізетін топ-5 жануарды атады. Олар мысық, ит, жылқы, ара және жылан. Мысық тұқымдас жануарлар көбіне жүйке жүйесіне қатысты депрессия секілді ауруларға жақсы. Ол сонымен қоса асқорыту жүйелерін емдеуге көмектеседі екен. Мысыққа жақын отырған адамдардың қан қысымы мен жүрек қағысы тез реттеледі. Ал ит болса, тап сканер секілді адам бойында енді ғана пайда болып келе жатқан қатерлі ісіктерді тез анықтайды. Жылқы психикалық ауруларға шалдыққан науқастарға, әсіресе, пайдалы. Атқа мініп, таза ауамен демалған аутисттерді тыныштандырады. Жыланның уы мен араның балы барлығымыз білетіндей медицинада жиі кездеседі. Дәрігерлер оларды ұмытшақтық және невралогиялық ауруларға көп қолданады. Осы секілді аяқ-қолдары, буындары сырқырайтындар, жел-құмдары барлар пайдаланады. 2- тапсырма: Мәтіннен синоним болатын сөздерді теріп жазыңдар.

Үлгі: қатерлі, қауіпті

3-тапсырма: Мәтіннен тірек сөздерді теріп жазыңдар​

fan211 fan211    2   26.11.2020 14:18    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi