Перископтың негізгі бөлігі .​

smaile2 smaile2    1   11.05.2020 09:15    1

Ответы
maxmax41 maxmax41  14.10.2020 12:55

Перископ бақылау объектісінен келетін жарық сәулені шағылыстыратын және сындыратын және оны бақылаушының көзіне беретін оптикалық жүйесі бар монокулярлық немесе бинокулярлық көру дүрбісі пішінінде жасалады.Перископтың құрылғы бөлшектері мен оптикалық сипаттамасы қондырылған орны мен көру дүрбісінің ұзындығына байланысты. Перископтың негізгі көрсеткіштері: перископ, ұлғайтқыш және көру алабы болып келеді. Көптеген перископтардың айнала шолуға, жергілікті жердің бұрыштарын көлденең және тік өлшеуге, бақыланатын объектіге дейінгі қашықтықты анықтауға мүмкіндік беретін арнайы құрылғылары болады. Сүңгуір қайықтардың өте күрделі перископтары нысана мен кашықтыққа пеленгті анықтауға, ауаны бақылауға, сүңгуір қайықтың су бетіне шықпай-ақ орнын анықтау үшін көкжиек үстінен жұлдыздардың биіктігін өлшеуге мүмкіндік береді.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Физика