"Жаһандану жағдайында ұлтық тілді сақтап қалудың маңызы қандай? "беген тақырыпқа мақала жазу​

YanaKotsyuk YanaKotsyuk    2   13.04.2020 12:23    2

Ответы
Ildarbagin Ildarbagin  03.08.2020 17:22

Тіл мен ойдың біртұтас екендігін ғылым әлдеқашан дәлелдеп қойған. А ң нені қалай ойлатыны, қандай дәрежеде пайымдайтыны оның әрбір сөзі арқылы айқындалмақ. Сондықтан да, қазақ баласының кімді болса да бірауыз сөзінен танып-білуінің өзінде терең мән бар. Белгілі бір тұлғаның қаншалықты ақылды немесе ойсыз пенде екендігін, ең алдымен, оның аузындағы сөзі анықтап береді. Жай әдеттегі бір сұхбаттасудың өзінде көңілге қонымды, жадыңда сақталар, «шынымен де, солай екен-ау» дегізер ойлы сөз айта білген адамды ақылдың кені деп тануға болатын сияқты.

Қазіргі таңда сөздің қадіріне жетуді, қазақ тілінің тазалығын сақтауды назардан тыс қалдырып жүргендейміз. Бірқатар жұрттың қазақша сөйлегеніне разы боламыз да, тілді оңды-солды қойыртпақтауына кейде кешіріммен қарай саламыз. Түптеп келгенде, тілді шұбарлау оны білмеуден де қатерлі. Бүгінгі күні жаһандану дегенді алға тартқан ірі державалар өз саясаттары мен дәстүрлерін сөз саптауларымен, түрлі атауларымен қоса қажымай-талмай тықпалап жатыр. Мұндай жағдайда біз жердің бүтіндігі үшін шекарамызды қалай күзетсек, ана тіліміздің тазалығына да дәл солай қырағылық танытуымыз керек.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi