Әлемдегі ең әдемі қалалар туралы мәлімет

zomarova003 zomarova003    1   27.07.2019 00:40    2

Ответы
рогозина рогозина  25.09.2020 07:49
Батыс өркениетінің бесігі – мәңгі қала атанған Римнің іргетасы қаланғанына үш мың жылға жуық. Жиырма сегіз ғасырдан бері адамзаттың аузынан түспей тұрған, әлі де түспейтін ұлы қала жөнінде айту қиын. Рим жәдігерлерінің ұзын санын ешкім де анық айта алмас. Осы ғажайып шаһардағы Әулие Петр Соборы, Венеция сарайы, Сикст капелласы, Капитолий Консерваторлар сарайы, Рим форумы, Апий жолы, Треви субұрқағы, Әулие Каллиста Катакомбасы, Испания алаңы, Пантеон, Әулие періште қамалы сияқты ғимараттардың әрқайсысын жеке алып айтса да болар еді.

Колизейге тоқтайық,ол расында да қалай асқақтатып айтса да, соған тұратындай ғажайып ғимарат. Колизей атауы латынның «колоссеум» («алапат ауқамды») деген сөзінен шыққан. Бұл амфитеатрдың ұзындығы 188 метр, ені 156 метр, сыртқы қабырғасының биіктігі – 48 метр, бұл дегеніңіз кәдімгі 12 қабат үймен тең, іргетасының тереңдігі 13 метр, амфитеатрдың мыңдаған жыл бойы қозғалмай тұрғанының да себебі сонда. Колизейге бір мезгілде 50 мың көрермен сыятын болған. Мұндай ауқымдағы стадионға 100 000 мың адам да сыйып кететіні белгілі, бұл арадағы айырмашылық ерте замандағы көрермендердің қазіргідей сығылыспай, еркін отырғандығында. Сексен жерден кіріп шығатын есіктерден енген адамдар айналасы он минуттың ішінде толық жайғасып үлгереді екен. Сол заманда бүгінгідей трибунасы, секторлары, отыратын орны көрсетілген билеттер болған, сондай-ақ Колизей гладиаторлар айқасын қызықтайтын да жер болған.
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
polinagupalo200 polinagupalo200  25.09.2020 07:49
Мына кала озимде кетти унайды
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi