Задание . Қуат көзін үнемдеу
Қазіргі кезде қуат көзін үнемдеу–жаһандық мәселеге айналды. Әрбір адам электр қуатын күнделікті тұрмыста үнемдей алудың алғышарттарын білуі қажет. Бүгінде электр үнемдейтін шамдар көп кездеседі.Электр тоғын аз тұтынатын шамдар, қызу лампасынан 5-есе аз энергия жұмсайды. Мұндай шамдар кәдімгі лампадан қарағанда 8 есе ұзақ. Шамды күніне 2, 5 сағаттан артық қосуға болмайды.Тағы бір ескеретін жайт, егер сіздің қосқышыңыз жарықты күшейтіп, азайтатын реттегіші болса да шамға зиянды.
Токты үнемдегенде ұялы телефон, ноутбук секілді құрылғылардың зарядтағышын токтан үнемі ажыратып отырыңыз. Өйткені, тоққа қосылып тұрған құрылғы энергия тұтынады. Басқа жаққа бірер күнге кетер болсаңыз, шамды өшіріп қана қоймай, розетканы теледидардан, тоназытқыштан, DVD-ойнатқыштардан ағытып кетіңіз. Олар тоққа қосылып тұрса, аз да болсын тоқ қуатын шығындап отырады.
Тағы бір кеңес, шаңсорғыштың қоқыс қапшығын және фильтрін дер кезінде ауыстыру қажет. Себебі, бітеліп қалған немесе шаңға толған қоқыс қапшықтан шаңсорғыштың жұмысы ауырлап, қалыпты нормадан көп қуат жұмсайды.Қуат көзін керек етеін заттарды пайдаланғанда ғана мұқият болыңдар.
1- тапсырма. Мәтін бойынша3 сұрақ құрастыр