ВЫБИРИТЕ ГЛАГОЛЫ ИЗ ТЕКСТА И ОТНЕСИТЕ ИХ ИХ Осы шақ ИЛИ К Өткен шақ ИЛИ К Келер шақ УМОЛЯЮ Адамда бір ғана мамандық болуы тиіс, ол нағыз мәнді адам деген атқа ие болу. Ең негізгісі – қандай маман болса да адал, еңбекке қабілетті, зейінді, ойлы болуы қажет.Тек сонда ғана қандай мамандық болса да, өмірде алатын орның зор және маңызды болады.
Болашақ жастар үшін мамандық таңдау – ойланарлық мәселелердің бірі болуы керек. Қазіргі кезде заманға сай көптеген мамандықтар пайда болды. Солардың біразына тоқтала кетсек:
Әңгімелесуші мамандығы алғаш Жапонияда пайда болды. Кез келген адам мұңы, реніші, ашуы, қорқынышы, қуанышымен бөлісіп, ішіндегі сезімін сыртқа шығара алады.
Байер – сіздің орныңызға киім алып жүретін
маман. Олар киім өлшеміңізді алып, сән мен стильге сай киім таңдап, алып береді.
Бариста – кофе дайындайтын арнайы маман.
Сусиста – суши дайындайтын адам.
Постижер – адамның шашынан жасанды шаш, мұрт жасайтын маман.
Стрингер – белгілі бір БАҚ-тың штаттан тыс
видео,фотооператоры.Қауіпті аумақтарға барып, қажетті сурет, видеоларды түсіріп, редакцияға жібереді.
Радиохирург – радиотолқындардың көмегімен
операция жасайтын дәрігер.
Хедхантер – бір компанияның жақсы
мамандарын басқа компанияға «аулап беретін» мамандар.
Имиджмейкер – адамға сәнді образды таңдап,
талғамын жақсартуға тырысады.
Спичрайтер – көпшілік алдында сөйлейтін
мәтінді жазып,дайындап беретін маман