І.Тыңдалым. Слушание. ХХІ ғасырда жер бетіндегі халықтың өсуіне байланысты энергияга деген сұранысты арттырып, оны
өндіруге талап күшейгені белгілі. Баламалы энергияны өндіру дәстүрлі қазба көздерінен (көмір, мұнай, газ)
өндіруден өзгеше. Баламалы энергия күннен, желден т.б. энергия көздерін пайдалану арқылы алынады. Бұл
жөнінде Қазақстанның өз ұстанымы бар. Астанада өткен ЭКСПО-2017 көрмесі баламалы, «таза» энергия
саласындағы дамуды і
көрсетіп берді.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа
мүмкіндіктері» атты жолдауында бұл мәселеге ерекше назар аударылған. Онда Елбасы «Бүгінде әлем
бойынша өндірілетін электр энергиясының төрттен бірі жаңартылатын энергия көздеріне тиесілі. Болжам
бойынша, 2050 жылға қарай бұл көрсеткіш 80 пайызға жетеді. Біз 2030 жылға қарай Қазақстандағы баламалы
энергия үлесін 30 пайызға жеткізу міндетін қойдық» деген еді.
Елбасы «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауында:
«Біз энергияның баламалы түрлерін өндіруді дамытуға, күн мен желдің энергиясын пайдаланатын
технологияларды белсенді енгізуге тиіспіз», – деген еді. Бүгінде бұл тарапта елімізде істеліп жатқан істер өз
нәтижесін көрсете бастады.
Қазақстанда дәстүрлі емес қайта өңделетін энергия көздерінің (жел энергиясы, күн энергиясы, биоотын,
электр энергетикасы, жылу энергетикасы, су энергетикасы) барлығы табылады. Тек соларды орынымен тиімді
пайдалана білсек, арзан электр энергиясын өндірумен бірге еліміздің экожүйесін сақтауға мүмкіндік мол.
Бүгінде елімізде мүмкін болған жағдайдың бәрінде баламалы энергияны пайдалану үшін арнай нысандар
салу ісі қатты қарқын алып келеді.
Көріп отырғанымыздай, Қазақстан дәстүрлі де, баламалы да энергия көздеріне бай елдердің бірі. Тек соны
тиімді жобалар арқылы өндіріп, ел игілігіне жаратсақ, мемлекет байлығы халықтың игілігіне қызмет ететіні
сөзсіз.
1.Мәтінге ат қойыңдар.Озаглавьте текст.
(16)
дец,

bashkirovarima bashkirovarima    2   15.03.2022 03:10    3

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi