Тыңдалым Мәтін бөліктерін тыңдап, оның жалғасын болжап, 1-2 сөйлеммен жалғастырыңыз.
«Әке, қалай бай адамға айналуға болады?». Әкем газеттен басын алып: «Балам, неге оны сұрадың?» – деді. «Мектептегі балалардың барлығы Майк екеуімізбен араласқысы келмейді, «сендер кедейсіңдер!» дегенді қайталай береді»...
1. Әкесі не деп жауап беруі мүмкін (2 сөйлем)? [2] Мәтін жалғасын тыңдаңыз.
«Ал, балам, егер бай болғың келсе, ақша табудың жолын үйрен!». «Ал мен қалай ақша табамын?» – деп сұрағанымда әкем: «Өз басыңмен ойлан», – деді де қоя салды. Әдетте менің әкем: «Бірдеңені қаласаң, сол үшін жұмыс істе» дегенді қайталайтын. Ақыры мен Майкке әріптес болуды ұсындым, ол келісім берді, менің алғашқы бизнес әріптесіме айналды. Бай сыныптастарымызды еске түсіретінбіз...
2. Автор әріптесі Майкпен бай сыныптастарын қалай еске алуы мүмкін (2 сөйлем)? [2] Мәтін жалғасын тыңдаңыз.
... жүрегіміз ауырса да, оның бір пайдасы болатын, яғни жаңа ой, жаңа мотивация беретін. Алғашқы бизнес жоспарымыз құрдымға кеткен кезде, менің әкем күлімдеп: «Бай болғыларың келсе, Майктың әкесінен сұраңдар», – деді. Бірақ Майктың әкесі кейін ең бай адамға айналды. Майктың әкесі бізге ақшаны қалай табудың жолын үйретемін деп уәде берді. «Тек маған жұмыс істейсіңдер, сонда ғана үйрете аламын. Мен көп сөйлеп, көп оқытпаймын, мен тәжірибеде көрсетемін», – деді. Басында еш нәрсені түсінбедік, бізді қанап, қинап жұмыс істетіп жатыр, өтірікші деумен болдым...
3. Майктың әкесі ақша табуды үйрете алды деп ойлайсыз ба? Дәлелдеңіз (2 сөйлем). [2]
4. Мәтінде қандай жалпыадамзаттық мәселе көтерілген (1 сөйлем)? [1]
5. Берілген сөз тіркестерінің мағынасын өз сөзіңізбен түсіндіріңіз.
1) бизнес әріптес-
2) ақша табу-
3) бизнес жоспар- [3]​

konaser03 konaser03    1   16.03.2021 15:37    161

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi