Мəтінді оқып, оның негізгі ойын сақтай отырып, диалог құрастырыңыз. Қазақстандағы туризм түрлері Қазақстан экологиялық туризмнен бастап iскерлік туризмге дейін туризмнің барлық түрлерiнің дамуы үшiн елеулi əлеуетке ие. Бұған халқымыздың бай тарихы мен еліміздің аумағында сақталып қалған тарихи ескерткiштер мен археологиялық орындардың жиыны үлкен мүмкiндiк туғызады. Ерекше географиялық жағдайдың арқасында Қазақстаннан адам аяғы баспаған табиғаттың ғажайып бұрыштарын табуға болады. Бұл туристтiк инфрақұрылым дамуының, визалық режимнің үнемі жетілдіріліп отыруының жəне басқа да жағдайлардың негізінде жүзеге асады. Қазақстанда бүгiнгi күні туризмнің келесi түрлерi жетiліп келеді: Мəдени-танымдық туризм Археология, тарих жəне сəулет ескерткіштерінің көлемі бойынша Қазақстан нағыз «ашық аспан астындағы мұражай» болып саналады. Туристер Ұлы Жібек жолы бойындағы көне қалаларға барып, қола дəуіріндегі Тамғалы петроглифтарын немесе əйгілі Маңғыстау қорымдарын көре алады. Қазақстанның заманауи өмірімен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Өскемен жəне Ақтау қалаларында танысу қолайлырақ болады, себебі туристік инфраструктура кез-келген талғам мен бюджетке қарай қызметтерді ұсынады. Экологиялық туризм Іс жүзінде табиғаты бүлінбеген түрде сақталған аумақтың саны мен əр түрлілігі Қазақстанды экологиялық туризм əуесқойлары үшін ерекше қызықтыратын болады. Қазақстан аумағында 12 ұлттық табиғи парк жəне 10 қорық бар. Қазақстан өзінің өлшемдері мен географиялық орналасуының арқасында əдетте туристер бөлек мемлекеттердің толық қатарында «қамдастыруы» қажет табиғи зоналарға бару мүмкіндігін ұсынады. Ол - ЮНЕСКО Дүниежүзілік мұра тізіміне енген Орталық Қазақстан далалары мен көлдері. Ол - ландшафтар, флора мен фаунаның əр түрлілігі бойынша Альпы ауданымен оңай теңесе алатын шығыс пен оңтүстік-шығыстың тау бөктерлері мен таулары. Ол - Каспий теңізінің жағалауы – əлемдегі ірі тұйық су айдыны. Ол - фототуризмнің ең сыналған əуесқойларын қызықтыра алатын Қазақстанның оңтүстік-батыс құла далалары, ол - елдің солтүстігінде орналасқан Бурабай кө