ТЕКСТ ЗАДАНИЯ Төмендегі сұрақтарға мәтіндегі деректерді қолдана отырып, жауап беріңіз.
Негізгі идеясы қандай?( 2 дұрыс жауап)/ Основная идея текста. (2 верных ответа)
Жақсылардың жақсысы
Баяғыда бір ақылды қарияның жалғыз қызы болыпты. Қария бірнеше бөлмелі, жарық, биік, өте әсем үйде
тұрыпты. Үйінің айналасы бау-бақша екен. Қарияның кішкене қызы бақшаны, барлық бөлмелерді
аралайды. Қыз кірмеген жалғыз ғана бөлме қалады. Ол бөлме жабық тұрады екен.
Бір күні қыз қарияға:
- Әке, маған жабық тұрған бөлмеге кіруге рұқсат етіңіз. Осы бөлме басқа бөлмелерге қарағанда, жақсырақ
қой деп ойлаймын, - дейді.
- Оның дұрыс, қызым. Жақсылардың ең жақсысы сонда. Бірақ сен әлі жассың. Өскенде бұл бөлмені саған
беремін. Сен оған өмір бойы риза боласың, - деп жауап қайтарады әкесі.
Ай өтеді, жыл өтеді, қыз есейіп бой жетеді. Қария қызына жабық бөлменің кілтін ұсынады. Қыз қуанып
есікті ашып жібереді. Сонда оның көргені – ұршық пен өрмек және кітап. Олардан өзге түк жоқ. Қыз
әкесіне жылап келіп:
- Әке, сен жабық бөлмеде жақсылардың ең жақсысы бар деген едің. Мен одан ұршық, өрмек, кітаптан
басқа еш нәрсе таппадым, - дейді.
- Міне, жақсылардың жақсысы деген – осылар, қызым! Ұршық пен өрмек болса, еңбегің жанады. Ал кітап
оқысаң, білім артады. Дүниеде бұдан артық жақсы жоқ. Дүниедегі мүліктің бәрі еңбекпен, біліммен
табылады, - деп түсіндіреді қария.
Верных ответов: 2
туғандарын сүю
оқуға шақыру
үлкенді құрметтеу
еңбек ету
ответ:Еңбек ету и оқуға шақыру