Қарасай батыр, әнші мейрамбек, ғарышкер талғат мұсабаев, партизан қасым қайсенов, күйші дәулеткерей, мұқағали ақын, тәуке хан, би-шегендер, әсет мырза, гүлжан директор, әлжан бәйбіше, қамар сұлу- берілген сойлемдерге қосарлы айқындауыштарды катыстырып сойлем курау

alieismailova1 alieismailova1    3   14.06.2019 01:50    4

Ответы
aigul841107gMailcom aigul841107gMailcom  10.07.2020 20:49
Қарасай батыр - қазақ халқының бағына біткен асыл ер. Ән сүйер қауым әнші Мейрамбектің әндерін жиі тыңдайды. Жастар  ғарышкер Талғат Мұсабаевтың салған ізінен үлгі алып өсіп келеді. Ұлы Отан соғысы жылдарын партизан Қасым Қайсенов ауыр күрсініспен еске алады. Күйші Дәулеткерей төгілтіп күй тартқанда, халық ұйып тыңдайтын. Мұқағали ақын өз өлеңдерімен талай жастың жүрегіне күн шуағын түсірді. Халықтың халық болып қалыптасуына Тәуке ханның үлкен саясаты септігін тигізді. Ел арасында дау-дамайды би-шешендер әділ шешкен. Әсет мырзадай әншісі болған қазақтың мәдениеті болмаған деп айтуға бола ма? Гүлжан директордың арқалаған жүгі ауыр. Әлжан бәйбіше бөл үйдің әр ісінің барысын қадағалап отырады. Қамар сұлу - қазақтың ескі салт-санадан жапа шеккен қыздарының бірі. 
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi